Кубада коммунистік партия билігі ауысты

Кубада ағайында Кастролар заманы аяқталғандай.

Себебі елді билеуші коммунистік партияның бірінші хатшысы болып ел президенті Мигель Диас-Канель сайланды. Ол бұл лауазымда Рауль Кастроны ауыстырды. Шешім партияның 8-ші съездінде қабылданды. Бірақ сарапшылар Кастроның ел саясатына ықпалы қала беретінін айтады. Партия билігін қолға алған Мигель Диас-Канель де стратегиялық шешімдерді қабылдауда Кастромен кеңесіп отыратыны жеткізді. Айта кетейік, ағайынды Фидель және Рауль Кастро аралды мемлекетті 1959-шы жылғы төңкерістен кейін 60 жыл басқарды.

БЛИЦ:

– Кастро биліктен кеткенімен ешнәрсе өзгере қоймас. Меніңше, барлығы сол баяғы қалпында қалады.

– Өзгерістен қорықпау керек. Ең бастысы мұндай қадам сырттан емес іштен жасалғаны дұрыс.

Сондай-ақ...