Таиландта судан да, күннен де энергия алатын жоба аяқталуға жақын

Таиландтың солтүстік-шығысында әлемдегі ең ірі су-күн электр станциясының бірі іске қосылуға жақын.

Қазір жалпы саны 144 мың 417 күн панелінің соңғы даналары орнатылып жатыр. 7 күн фермасы жалпы аумағы 121 гектарды қамтитын су аумағында орналаспақ. Алдағы 16 жылда осындай станциялардың 8-ін салу жоспарлануда. Негізі Таиланд электр қуатын тұрақты түрде көмірден алатын. 2018 жылы тағы 2 зауыт салу ұсынылған болатын. Бірақ олардың құрылысына денсаулық сақтау және экологиялық мәселелерді көтерген оппозициялық күштер қарсы шығып, ақыры тоқтатып тастады. Таиланд билігі таза энергия көлемін 2037 жылы 35 процентке жеткізуді жоспарлап отыр.

Чанин Саличан, жоба жетекшісі:

– Жобамыздың 90 проценті аяқталды. Күн панельдерінің 7 тұғыры суда қалқып тұрады. Электр қуатын биылғы жылдың маусым айына қарай өндіре бастаймыз деп ойлаймын.