Чад президенті сайлауда жеңіске жеткен күні көз жұмды

Чад Республикасының президенті Идрис Деби Итно 68 жасында өмірден озды.

Бұл туралы Agence France-Presse хабарлайды.

Президенттікке алтыншы рет қайта сайланған Итноның қазасына 1970-2000 жылдар аралығындағы азаматтық соғыс кезінде алған жарақаты себеп.  

Бүгін таңертең Итноның 79 процент дауыспен президенттік сайлауда жеңіске жеткені хабарланған.

Саясаткер бұл лауазымға 1990 жылы сайланған.