Әлем елдері вакцинаны балаларға салуды бастады

Үндістанда вакциналау науқаны биыл қаңтарда басталды. Бірінші кезең медицина қызметкерлері және вируспен күреске тартылған мамандарды қамтыған.

Екінші кезеңге сәйкес қазір жасы 45-тен асқан тұрғындар препарат қабылдап жатыр. 1 мамырда үшінші кезең басталады. Сөйтіп, кәмелетке толғандардың барлығына екпе салуға рұқсат берілді. Үндістанда вакциналау қарқыны жаман емес. Мемлекет 85 күнде 100 миллион доза салып, рекорд орнатқаны белгілі. Соңғы дерек бойыша 1 миллиард 300 миллионнан аса тұрғыны бар елде препаратты 124 миллион адам қабылдаған. Соған қарамастан елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделі. Кеше бір тәулікте 270 мыңнан аса адамнан вирус анықталған. Ресми ақпарат бойынша індет жұқтырғандар саны 15 миллионнан асады. Алайда сарапшылар бұл сан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін дейді.

Арвинд Кумар, дәрігер:

- Ауруханаларда орын тапшы. Жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр науқастарды жатқызатын төсек қалмады. Өкпені жасанды желдету аппараттары да бәріне жетпей жатыр. Көз жұмғандардың денесін өртеуде ұзын сонар кезек пайда болады. Сұмдық деген осы шығар.

Үндістан билігі шектеу шаралары мен жасы 18-ден асқандарға екпе қабылдауға рұқсат берудің арқасында жақын арада эпидемиологиялық ахуал жақсарады деп үміттеніп отыр. Мәселен, Израиль осындай шаралардың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Жергілікті мамандардың жүргізген зерттеуі жаппай вакциналаудың ұлттық стратегиясының арқасында коронавирус жұқтыру деңгейі азайғананын көрсетті. Екпе егу науқаны басталғаннан кейін 2 айдан соң көрсеткіш 77 проценке төмендеген. Қазір еврей мемлекеті вакциналау қарқыны бойынша әлемде алдыңғы орында келеді. Мұнда халықтың 81 проценті препараттың екі дозасын да алғып қойған. Билік бұр қарқынды әлі де арттыруға ниетті. 2022 жылдың соңына дейін «Пфайзер-Байонтек» екпесінің қосымша миллиондаған дозасын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- «Пфайзер-Байонтектен» бөлек біз «Модерна» компаниясымен де келісім-шартқа отыруды жоспарлап отырмыз. Сонда бізде ересектер үшін де, балалар үшін де вакцина артығымен жететін болады. Израиль коронавируспен күресте өзгелерге үлгі болатындай көшбасшы мемлекетке айналады.

Израильде ақпанның соңында жасы 16-дан асқандарға екпе қабылдауға рұқсат берілген. Енді АҚШ-та да тиісті ереже күшіне енді. Өйткені сарапшылар балаларға екпе салынбаса, ұжымдық иммунитет қалыптаспайтынын айтқан. 

Вакцина демекші, Швецияда «АстраЗенека» компаниясының препаратына қатысты қоғамдағы сенімсіздік артып барады. Билік бұл үлкен проблемаға айналғанын айтады. Өндірушінің дәрісінен кейін жастарда тромбоздың пайда болу деректері көбейгесін жергілікті билік оны тек жасы 65-тен асқандарға ғана салуға рұқсат берген. Алайда екпе салдыруға келмей қалу оқиғалары көбейіп кеткен. Енді бірі вакциналау орталығына келіп тұрып, қай дәрінің егілетінін білгеннен кейін шешімінен бас тартып жатқан көрінеді. Салдарынан медицина қызметкерлері күн сайын препараттың жүздеген дозасын қоқысқа тастауға мәжбүр.

Автор: Жұлдыз Атагельдиева