Кабулда жойқын жарылыстан бес адам жарақат алды

Ауғанстанның Кабул қаласындағы полиция учаскесінің маңында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 5 адам ауыр жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің баылауында. Елдің Сыртқы істер министрлігі жараланғандардың арасында бейбіт халық пен тәртіп сақшылары да бар екенін айтады. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Тергеу ісі басталды.

Ахмад Джамшид, жергілікті тұрғын:

- Жойқын жарылыстың күші көрші аудандарда да сезілді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Алайда материалдық тұрғыдан орасан зор шығын келді.