АҚШ-та Джордж Флойдтың өліміне себеп болған экс-полицейге қатысты шешім шықты

Джордж Флойдтың өліміне себеп болған Дерек Шовинге қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш аптаға созылған соттың қорытындысы бойынша Миннеаполис полициясының бұрынғы офицері екінші, үшінші деңгейлі кісі өлтіру және абайсыз кісі өлтіру баптары бойынша айыпты деп танылды. Қорғаушы тарап сот алқасына Шовиннің қатыгездігін ақтауға болмайтынын алға тартып, оқиға орнында түсірілген жантүршігерлік видеоны біренеше рет көрсету арқылы барынша қатаң жаза сұрады. Шовеннің кінәсі дәлелденгенімен, оның нақты қанша жыл бас бостандығынан айырылатыны 8 аптадан кейін жарияланады.

Кейт Эллисон, Миннесота штатының прокуроры:

- Соттың шешімі Джордж Флойдты қайта тірілтіп, ортамызға қайтып алып келе алмайды. Бірақ бұл шешім оның отбасына, жақындарына және оның өліміне бей-жай қарамайтын амеркиалықтар үшін маңызды болды деп айта аламыз. Сонымен қатар осы шешім арқылы әділеттіліктің туы орнады әрі әділетті қоғам қалыптастыруға үлес болды деп сенемін.

Нью-Йорк тұрғыны:

- Уақыт барлығын да орнына қойды. Осы уақытқа дейін өз қызметін асыра пайдаланып, қара нәсілді америкалықтарды өлтіріп, қанап келген полиция қызметкерлері қаншама?! Бірақ естеріңізеде болсын, уақыт барлығын өз орнына қояды және кінәлі полицейлер өз істері үшін жауап беретін болады.

Сондай-ақ...