COVID-19: «Қызыл аймақта» 10 өңір

Вирус жұқтыру қауіптілігі бойынша Маңғыстау және Қызылорда облыстары «қызыл аймаққа» кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні кеше эпид-ахуалына байланысты бұл қатарға Ақмола өңірі қосылған болатын. Ал Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймақтан» шығып, «жасыл аймаққа» өтті. Осылайша, коронавирус қауіптілігі бар аймақта қазір 10 өңір. Төрт облыс «сары аймақта». Ал «жасыл аймақта» Түркістан, Қостанай және жоғарыда айтқанымыздай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Жалпы елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Қазақстан «қызыл аймақта».