БҰҰ: Адамзат құрдымға кету алдында тұр

2020 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық 3 жылдың бірі болды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның «Жаһандық климат» атты баяндамасын оқыған БҰҰ-ның хатшысы осылай деді. Антониу Гуттериштің айтуынша, былтыр орташа жаһандық температура индустрияға дейінгі дәуірмен салыстырғанда 1,2 градусқа жоғары болған. Өткен жылы көп елде пандемияға байланысты шектеу шараларының нәтижесінде ауаға бөлінетін зиынды заттардың мөлшері біршама төмендеген. Алайда мамандар «мұның бәрі газдардың атмосфераға кері әсерін азайтуға көмегін тигізе алмады», дейді. Осы ретте БҰҰ-ның бас хатшысы әлем елдерінің басшыларынан биыл климаттың өзгеруі мәселесіне қатысты нақты қадамдар қажет екенін айтты.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Адамзат құрдымға кету алдында тұр. Біз тропикалық дауылдар мен орман өртінің көбейіп кеткенін көріп отырмыз. Сондай-ақ мұздықтардың еруі де рекордтық деңгейге жетті. Мұның бәрі жаһандық жылынумен байланысты. Былтыр орташа темперутара индустрияға дейінгі дәуірмен салыстырғанда 1,2 градусқа жоғары болды. Ғалымдар қауіпті меже 1,5 градус екенін айтады. Біз ақырындап сол көрсеткішке жақындап келе жатырмыз.

Сондай-ақ...