Оңтүстік Корея студенттері Жапония билігінің шешіміне қарсы шықты

Оңтүстік Кореяда студенттер ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жапон билігінің «Фукусима-1» атом электр станциясының суын мұхитқа ағызу шешіміне қарсы. Наразылық акциясы ретінде жастар Сеулдегі Жапония елшілігінің алдында шаштарын тақырлап алып тастаған. Олар билікті ресми Токиомен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатуға шақырып отыр.

Айта кеткен жөн, өткен аптада жапон билігі 2022 жылы «Фукусима-1» атом электр стансасынындағы миллиондаған тонна радиоактивті суды мұхитқа ағызатынын мәлімдеді. Бірақ су сүзгілеуден өтетініне сендірді. Алайда Оңтүстік Корея мен Қытай тараптары бұл қауіпті екенін айтып, қарсылық танытты.

Юнг Сун-Бин, студент:

- Радиоактивті суды мұхитқа ағызудың ядролық соғыстан қай жері кем? Сол үшін Оңтүстік Корея билігінен спортшыларымызды Токиодағы Олимпиада ойындарына жібермеуін сұраймыз. Сондай-ақ әскери ақпарттың қауіпсіздігі туралы келісімнен шығып, Жапониямен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатуға шақырамыз.