Чад Республикасында екі апталық ұлттық аза тұту жарияланды

Чад Республикасының президенті көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде әскерилер мен көтерелісшілер арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Мемлекет басшысы бұл операцияны жеке өзі басқарған. Салдарынан жарақат алып, қайтыс болды.

Айта кеткен жөн, 11 сәуірде Чадта президенттік сайлау өткен. Оның қорытындысы бойынша 1990 жылдан бері елді басқарып келген мемлекет басшысы алтыншы мерзімге қайта сайланған еді. Алайда сол күні көрші Ливиядан содыралар басып кіріп, қарулы қақтығыс басталып кетті. Президенттің қазасына байланысты екі апталық ұлттық аза тұту жарияланып, коменданттық сағат енгізілді. Сондай-ақ өтпелі әскери кеңес құрылды.

Сондай-ақ...