Үндістанда коронавирустан бір тәулікте екі мыңнан астам адам көз жұмды

Үндістанда коронавирус індеті дес бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта өлім-жітім мен науқас саны бойынша тәуліктік рекорд орнады. Елдің десаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша қауіпті вирустан бір күннің ішінде 2 мыңнан астам адам көз жұмған. Тағы шашамен 300 мыңға жуық тұрғынға COVID-19 диагнозы қойылды. Қазір әсіресе, Махараштра штатындағы ахуал күрделі. Жергілікті билік алдағы уақытта штатта қатаң карантин жарияламақ. Осыған орай аймақтағы жұмысшы мигранттар өз еліне қайту үшін темір жол станциясында ұзын-сонар кезекте тұр.

Блиц 1: 

- Карантин аяқталмайынша штатқа қайтып оралмаймын. Болашағымыз бұлыңғыр. Жұмыстың қашан басталатынын ешкім дөп басып айта алмай отыр. Енді ауылға қайтып ауыл шаруашылықпен айналатын болдым.

Блиц 2:

- Үйде нәпақасыз отырсам да, пәтерақы төлемеймін ғой. Үй шаруасымен айналысқаннан басқа амал қалмады. Азық-түлігімізді де өзіміз өсіріп, күн көреміз.

Колумбияда да тәуліктік рекорд тіркелді. Бір күннің ішінде 429 адам жан тапсырды. 17 мың тұрғын індеттің ілмегіне ілінді. Қазір Оңтүстік Америкалық елде коронавирустың үшінші толқыны ушығып тұр. Үкімет аурудың таралуын тежеу үшін қатаң шектеу шараларды қолға алғанымен әзірге нәтиже жоқ. Ауруханалардың барлығы науқастарға лық толы.