Колумбия астанасында шоу-бизнес өкілдері карантинге қарсы ереуілге шықты

Колумбия астанасы Боготада мәдениет саласының қызметкерлері мен шоу бизнес өкілдері ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар көшелеріне жиналған ондаған адам биліктің карантинге қатысты саясатына қарсылығын білдірген. Шара флеш-моб ретінде ұйымдастырылды. Наразылардың айтуынша, олар табыс көзінен айырылғанына бір жылдан астам уақыт болды. Қолдарын шын-жырмен байлағандар Үкіметтен карантинді жеңілдетіп, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға рұқсат беруін талап етеді.

Айта кетейік, аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты осы аптаның жұма күнінен бастап 3 күндік қатаң локдаун жарияланбақ. Оған қоса, коменданттық сағат та өз күшінде қалады. Ал тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылады.