Бірақ бұл өте сирек кездесетін жанама әсер. Дәрілік заттардың еуропалық агенттігі осындай қорытындыға келді.
Сарапшылар АҚШ-тағы 8 науқастың дерегін жіті зерттеген. Оларда екпе қабылдағаннан кейін тромбоз пайда болған. Барлығы да – жасы 60-қа толмаған адамдар. Салдарынан бір америкалық көз жұмды. Осы оқиғалардан кейін АҚШ-тың құзырлы органдары Johnson & Johnson вакцинасын қолдануды уақытша тоқтатуға кеңес берді.