427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

  • 127
  • UPD: 21:53, 21.04.2021
Үндістанда коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

Мамандар әзірге оның қаншалықты қауіпті екенін айта алмай отыр.

Бұған дейін елде вирустың қос мутацияға ұшыраған түрі шыққан еді. Ол қазір Үндістаннан бөлек, АҚШ, Швейцария, Сингапурда да тіркелді. Үнді еліндегі ауруханаларда орын тапшы. Марқұмдардың денесін өртейтін крематорийде кезек пайда болған. Мадпрадеш штатында ковид-науқастардың туыстары аурухана қоймасынан оттегі баллондарын ұрлап кеткен. 

Мамта Тимори, дәрігер:

– Бұл адамдар баллондарды ұрлағанда не туралы ойлағанын түсінсем бұйырмасын. Ал жарайды, оларды әкетті дейік, қалай қолданатынын қайдан біледі? Бұл енді тіптен ақылға қонымсыз әрекет болды. Медицина қызметкерлері мында күн демей, түн демей жұмыс істеп жатыр. Ал науқастардың туыстарының қылығы мынау. Оларға ескерту жасаудан қалдық. Өйткені бізге қарсы күш қолданамыз деп қорқытады.

Хабар 24 телеарнасы