427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда карантин жеңілдетілді

  • 102
  • UPD: 07:38, 22.04.2021
Данияда карантин жеңілдетілді

Данияда карантиндік шектеулер жеңілдетіліп, мейрамханаларға жабық ғимарат ішінде қызмет көрсетуіне рұқсат етілді.

Бірақ оларға вакцина салдырған және теріс ПТР-тест нәтижесі бар азаматтар ғана кіре алады. Желтоқсан айынан бері жабық болған тамақтану орындары шешімге риза. Бұдан бөлек далада өтетін іс-шараға қатысатын адам саны 10-нан 50-ге дейін ұлғайтылды. Футбол жанкүйерлері де ойындарды стадиондарда тамашалай алатын болды.

Айта кетейік, 6 миллионға жуық тұрғыны бар Данияда қазірге дейін бір миллиондай адам вакцина салдырған.

Мейрамхана менеджері:

- Біз соңғы рет желтоқсанның 8-і күні жұмыс істедік. Содан бері жабық тұрдық. Енді шектеулер жеңілдетіліп, мейрамханамыз қайтадан қонақтарға толады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы