Пәкістанда Қытай елшісі тоқтаған қонақүйде жарылыс болды

Пәкістанда Қытай елшісі тоқтаған қонақүйде жарылыс болды

Пәкістанның Кветта қаласында  болған жарылыс 4 адамның өмірін қиды. Оқиғадан тағы 11 тұрғын түрлі жарақат алған.

Белгілі болғандай автокөлікке орнатылған жарылғыш зат мейманхана маңындағы көлік тұрағында іске қосылған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл қонақүйге Пәкістандағы Қытай елшісі тоқтаған екен. Алайда жарылыс болған кезде ол қонақүйде болмаған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Әзірге жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ.