Ресейде Навальныйды қолдаушылар шеруге шықты

Ресейдің бірнеше қаласында Алексей Навальныйды қолдауға бағытталған наразылық шаралары өтті. Бұл шерулер биліктің рұқсатынсыз ұйымдастырылған.

Ресейдің Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша Мәскеудегі ереуілге 6 жарым мыңдай адам қатысқан. Үкімет бұған дейін азаматтарды арандату әрекеттері мен коронавирустың таралу қаупіне байланысты рұқсат етілмеген шараларға қатыспауға шақырған еді.

Навальныйды қолдаған шеру Лондондағы Ресей елшілігінің жанында да болды. Шараға 250-ден астам белсенді жиналған. Барлығы «Навальный!» деп ұран салды.

Франция астанасы Парижде де жүзге жуық адам көшеге шығып, ресейлік оппозиционердің бостандыққа шығарылуын талап етті.

Наразы топ «Навальный ешқандай қылмыс жасамаған, тек саяси көзқарасы үшін түрмеде отыр» деп есептейді. Ереуілшілердің арасында адам құқықтарын қорғау жөніндегі «Амнести Интернешнл» халықаралық ұйымының Франциядағы басшысы да болған.

Сондай-ақ...