429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та тағы бір афроамерикандық азамат полицей қолынан қаза тапты

  • 99
  • UPD: 12:20, 22.04.2021
АҚШ-та тағы бір афроамерикандық азамат полицей қолынан қаза тапты

АҚШ-та полиция тағы бір афроамерикандықты атып өлтірді. Кезекті қайғылы оқиға Солтүстік Калифорния штатындағы Элизабет қаласында болған.

Жергілікті билік өкілдері таратқан ақпарат бойынша оқ атқан полицей марқұмның үйіне тінту жасау туралы ордерді табыстау үшін келген. Қайтыс болған адамның қолында қаруы болды ма, оқ не үшін атылды және тінту не үшін қажет болған деген сұрақтарға әзірге жауап жоқ. Тергеу жүріп жатыр.

Кейт Риверс, Ұлыстарға көмектесу жөніндегі ұлттық қауымдастық президенті:

- Америкада соңғы күндері қара нәсілді адамдарды атып өлтіруге қатысты түрлі оқиғалар болып жатыр. Мына жағдайды өз көзіммен көріп, жақынырақ танысу үшін арнайы келдім. Полицейлердің үстінде бейнекамералар болды ма және олар қанды оқиға кезінде қосулы тұрды ма? Осы және басқа да өзекті сұрақтарға тезірек жауап берілуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы