Қытайда екі кеме соқтығысып, бес адам жоғалып кетті

Қытайдың шығыс жағалауында балық аулаушылар кемесі тағы бір кемемен соқтығысып, суға батып кетті.

Апат салдарынан бес адам із-түзсіз жоғалған.

Оқиға Шығыс Қытай теңізінде Чжэцзян провинциясының шығысында болды.

Ауданда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайдың себептері әзірге белгісіз.