Индонезия жоғалған сүңгуір қайықты іздестіруді жалғастырып жатыр

Индонезияда жоғалған сүңгуір қайықты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Көлікпен байланыс Бали аралының солтүстігінде үзілген болатын.

Әскери теңіз күштерінің өкілі судың бетінде мұнай құйылған жер анықталғанын хабарлайды.

Мамандардың болжауынша, бұл жоғалған сүңгуірдің ізі болуы мүмкін. Естеріңізге салайық, тактикалық жаттығу барысында экипаж мүшелерімен байланыс жоғалып кеткен еді. Су көлігінің бортында 53  теңізші болған. Қазір құтқару жұмыстарына Малайзия мен Сингапурдың мамандары тартылған. Шараға тағы бірнеше мемлекет көмек беруге ниет білдіріп отыр.

Ахмад Риад, Индонезия әскерінің ресми өкілі:

- Мұнайдан пайда болған дақтан басқа ол жерде гидролокатор жылдамдығы бар белгісіз нысан анықтады. Зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.