Польша мен Мексикада «Пфайзер» вакцинасының жалған түрлері әшкереленді

Мексика мен Польшада «Пфайзер» компаниясының коронавируске қарсы вакциналарының жалған нұсқалары әшкереленді.

Бұл туралы «Уолл-стрит джорнал» басылымы хабарлады.

Американдық журналистердің мәліметінше, Мексикадағы емханада 800-ге жуық адам қолдан жасалған екпенің бір дозасын 1 мың долларға сатып алған. Ал Польшада анықталған құтылардың ішінен безеуге қарсы сұйықтық шыққан. Ел билігі, абырой болғанда, жалған препараттың ешкімге салынбағанын айтады. Қолдан жасалған вакциналар арнайы тергеу барысында анықталған. Сұйықтықтардың жалған екпе екенін «Пфайзер» компаниясы да растады.

Сондай-ақ...