Түркияда үш күнге коменданттық сағат енгізілді

Түркия билігі коронавирус жағдайларының көбеюіне байланысты жұмадан бастап жексенбіге дейін толық коменданттық сағат енгізді.

«23 сәуір мемлекеттік мереке – Ұлттық тәуелсіздік күні және Балалар күні болғандықтан, көшеге шығуға шектеу 22 сәуірде сағат 19:00-де басталып, 26 сәуірде 05:00-де аяқталады», - делінген құжатта.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға, дәрігерлерге бару үшін және иттерді серуендету үшін сағат 10:00 мен 17:00 аралығында үйден шығуға рұқсат етіледі.