Испания Латын Америкасына вакцинамен көмектесуге ниетті

Испания өзінің вакцинасының 5-10%-ін Латын Америкасы мен Кариб теңізі аймағындағы елдерге бөлмекші.

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Педро Санчес Латын Америкасы мен Пиреней түбегі елдері саммитінде мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, аталған мемлекеттерге бөлінетін вакцина мөлшері 7,5 миллион дозаға жетуі мүмкін.

Айта кетейік, Латын Америкасы әлемде індеттен ең көп зардап шеккен аймақтың бірі. Әлемде коронавирустан қайтыс болу дерегінің 30%-і осы құрлықта тіркелген.

Сондай-ақ...