Үндістанда бір тәулік ішінде 300 мыңнан аса адам вирус жұқтырды

Үндістанда соңғы бір күнде 300 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, тағы тәуліктік антирекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде дертке қарсы жаппай вакциналауға қарамастан соңғы айларда індеттің таралуы күшейген. Дәрі-дәрмек пен науқастарды емдейтін құрал-жабдық тапшылығынан жағдай нашарлауда. Ауруханаларда оттегі жетіспей жатыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты кей елдер Үндістанмен әуе байланысын шектеп жатыр. Австралия осы елден қатынайтын рейстер санын 30%-ке азайтпақ.

Скотт Моррисон, Австралия премьер-министрі:

- Осы аптада біз Үндістаннан Австралияға тікелей қатынайтын әуе рейстерін қысқартамыз. Бұл осы елдегі індеттің өршуіне байланысты қабылданып жатқан уақытша шара. Оның қашан күшіне енетінін алдын ала хабарлаймыз.

Сондай-ақ...