Еурокомиссия AstraZeneca компаниясын сотқа беруге ниетті

Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлайды.

Өйткені одақ өкілдерінің айтуынша, өндіруші коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз ету жөніндегі келісімшартты бұзған. Яғни препаратты уағдаласқан мөлшерден аз жеткізген. Мәселен, биыл бірінші тоқсанда препараттың 100 миллион дозаның орнына Еуропа елдеріне 30 миллион дозасын жіберген. Компания мұны төмен өндіріс көлемімен түсіндіреді. Соның кесірінен Еуроодаққа мүше елдерде вакциналау науқаны жоспардан қалып жатыр. Өйткені AstraZeneca-дан бөлек коронавирусқа қарсы екпені жеткізу жұмыстарын BioNTech/Pfizer: және Moderna компаниялары да кешіктіріп отыр.