Жерорта теңізінің халықаралық суларында Ливия жағалауында бортында 130-ға жуық заңсыз мигранты бар үш қайық аударылды.
Бұл туралы SOS Mediterranee үкіметтік емес ұйымы хабарлады.
Ұйым Ливия жағалауында апатқа ұшыраған үш кеме туралы хабарлама алды. SOS Mediterrane-ге тиесілі Ocean Viking кемесі мен үш сауда кемесі оқиға орнына аттанды. Алайда олардың жұмысын ауа-райының қолайсыздығы және биіктігі алты метрге дейін жететін толқын қиындатқан.
«Біз бүгін оқиға орнына келгеннен бері біз бір де бір тірі адамды таппадық, дегенмен апат болған жерде ондаған адамның қалқып жүрген денелерін көрдік», - делінген хабарламада.
Көп ұзамай ЕО шекара бақылау агенттігінің «Фронтекс» ұшағы оқиға орнына жақын жерде резеңке қайықтың бөлшектерін тапты.