Үндістанда аурухана өртенді: құрбан болғандар бар

Үндістанның Махараштра штатындағы ауруханада болған өрттен жансақтау бөліміндегі 13 науқас көз жұмды.

Бұл туралы ТАСС ақпараттық агенттігі хабарлады.

Өрт коронавирус жұқтырған адамдар емделіп жатқан ауруханада болған. Қалған науқастар жақын маңдағы медициналық мекемелерге ауыстырылды.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды екі сағатта сөндірді. Оқиғаның себептері тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ...