429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та 51-штат пайда болуы мүмкін

  • 151
  • UPD: 11:17, 23.04.2021
АҚШ-та 51-штат пайда болуы мүмкін Википедия

Өкілдер палатасы бейсенбі күні АҚШ астанасы Вашингтон (Колумбия округі) 51-штат болып танылатын заң жобасын қабылдады. Бұл туралы CBS News хабарлайды.

«Бұл Колумбия округінің тұрғындары үшін де, Колумбияның мемлекеттілігі үшін де тарихи жеңіс болды», – деді АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Элеонора Нортон.

Вашингтон мәртебесінің өзгеруін палатаның 216 мүшесі қолдаса, 208-і қарсы болған. Енді бұл заң жобасы Сенатта қаралады. Ал ол қолдау табуы үшін демократтарға республикандықтардың кем дегенде 10 дауысы қажет.

Сондықтан да телеарна тиісті құжаттың Сенатта қабылданатынына күмән келтіріп отыр. Себебі былтыр да бұл заң жобасы Сенаттан кері қайтқан.

Хабар 24 телеарнасы