Канада коронавирусқа байланысты Үндістан мен Пәкістаннан келетін рейстерді тоқтатты

Канада коронавирус жағдайларының көбеюіне және Үндістанда жаңа штамның табылуына байланысты Пәкістан мен Үндістаннан келетін рейстерді тоқтатады.

Екі елден Канадаға келетін саяхатшылардан арасынан коронавирус жұқтырғандар өте жиі кездеседі. Осыған байланысты барлық коммерциялық және жеке жолаушылар рейстеріне тыйым салынады.

Еске салсақ, Үндістан коронавирусты бір күнде жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнатқан болатын. Бір тәулік ішінде елде коронавирустың 314,8 мың жағдайы анықталды.