Елордада бір апта ішінде коронавирус жұқтыру дерегі 10% көбейді

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері хабарлады.

Қазір ел астанасында тәулігіне 600-ге жуық адамнан коронавирус инфекциясы табылып жатыр. Жыл басынан бері жұқпалы індетпен 22 мың адам ауырған. Бұл тұтас 2020 жылғы көрсеткіштен көп. Жалпы, пандемия басталғалы 40 мыңнан астам адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Мамандардың айтуынша, сәуір айында 2 мың баланың вирус жұқтырғаны анықталды. Әзірге Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып отыр.