Индонезияда жоғалған сүңгуір қайықта оттегі таусылуы мүмкін

Индонезияда жоғалған сүңгуір қайықтағы оттегі ертең күндізгі сағат 3-тің кезінде таусылуы мүмкін.

Сондықтан теңізшілердің өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Бұл туралы құтқару тобының өкілдері мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған сүңгуір қайықпен байланыс 21 сәуірде әскери жаттығулар кезінде үзілген болатын. Суасты көлігінде 53 экипаж мүшесі бар. Құтқару тобы оттегі таусылғанша, теңізшілерді табуымыз керек деп барын салуда. Индонезия қорғаныс министрлігі іздеу-құтқару ісіне 20 әскери кеме, 2 сүңгуір қайық және бірнеше тікұшақ пен ұшақ тартылғанын айтады. Жоғалған сүңгуір 44 жыл бұрын Германияда жасалған екен.

Еди Субагио, балықшы:

– Құтқарушылар барлық экипаж мүшесін аман-есен табады деп үміттенемін. Себебі олардың арасында осы жерде туған, осы өңірді жақсы білетін 2 адам бар.