Үндістанда COVID-19 ауруханасындағы өрттен 13 адам көз жұмды

Үндістанда коронавирус науқастарын емдейтін ауруханадан өрт шығып, кемінде 13 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға елдің батысындағы Палгар қаласында болған. Жергілікті билік өкілдері өрт ауа баптағыштан шыққан дейді. Екі күн бұрын ғана осы штаттағы басқа ауруханада бір мезетте 22 адам көз жұмып еді. Олардың өліміне оттегі қорының таусылуы себеп болған. «Рейтер» агенттігі таратқан мәліметке сенсек, бүгін Үндістанда коронавирусты 332 мың 730 тұрғын жұқтырған. Бұл әлемде бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Хитендра Такур, депутат:

– Бұл – қасіретті оқиға. Бәріміз табанымыздан таусылып, осында жүрміз. Бірінші кезекте, жан сақтау бөлімінде жатқан науқастарды қауіпсіз жерге көшіруге көмектестік.