Аргентинада көлік министрі жол апатынан көз жұмды

Аргентинаның Көлік министрі Марио Меони жол-көлік оқиғасынан көз жұмды.

Бұл туралы жергілікті TN телеарнасына сілтеме жасап, RT хабарлайды.

Телеарнаның мәліметі бойынша рөлде министрдің өзі отырған көлік Сан-Андрес-де-Хилес қаласының маңындағы трассада аударылған.

Оқиға себебі әзірге белгісіз.

Аргентина президенті Альберто Фернандес өзінің Twitter парақшасында Меонидің қазасына байланысты көңіл айтты.

«Ел Үкіметінің Көлік министрі Марио Меонидің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Біз сенімді, адал саясаткерден, үлгілі шенеуніктен айырылдық», деді Президент.