Зимбабведе әскери тікұшақ үйге құлап, төрт адам қаза тапты

Зимбабведе әскери тікұшақ үйге құлап, үш ұшқыш пен бір бала қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға ел астанасы Харареден 30 шақырымдай жерде болды. Әскерилердің мәлімдеуінше, тікұшақ осы ауданда оқу-жаттығу жүргізіп жатып, радардан жоғалып кеткен. Кейін құтқарушылар Арктур деп аталатын мекеннің қасынан жанып жатқан ұшақты кездестіреді.