Франция билігі: Полицей әйелді пышақтау оқиғасы – лаңкестік әрекет

Францияның Рамбуйе қаласында белігісз ер адам полицей әйелге шабуыл жасап, тәртіп сақшысы алған жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға полция комиссариатында болды. 36 жастағы ер адам ғимаратқа кіреберісте әйелдің тамағына бірнеше рет пышақ сұққан. Атыс басталып, қасқөй алған жарақатынан көз жұмды. Қылмыскердің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Бірақ билік оқиғаны лаңкестік әрекет деп мәлімдеді. Ақпарға қарағанда полицейге шабуыл жасаған қаскөй 2009 жылы Францияға көшіп келген Тунис азаматы. Қазір тергеу жүріп жатыр.