427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Индонезияда үш күн бұрын жоғалған сүңгуір қайық әлі табылған жоқ

  • 131
  • UPD: 18:34, 24.04.2021
Индонезияда үш күн бұрын жоғалған сүңгуір қайық әлі табылған жоқ Газета.Ру

Іздестіру-құтқару жұмыстарына тағы бірнеше әскери кеме мен америкалық ұшақ қосылды.

Кеше сүңгуір кеме жоғалған ауданда 100 метрдей тереңдікте жоғары магнитті өріс тіркелген.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Индонезияның Бали аралы маңында әскери жаттығу жүргізіп жатқан сүңгуір қайық жоғалып кеткен. Суасты көлігінде 53 экипаж мүшесі бар. Ал оның ішіндегі оттегі бүгін бітуі керек. Іздеу-құтқару ісіне 20 әскери кеме, 2 сүңгуір қайық және бірнеше тікұшақ және ұшақ жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы