429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда кондитерлер Пикассоның картинасын шоколадпен салып шықты

  • 115
  • UPD: 23:38, 24.04.2021

Испанияның Баскония аймағында кондитерлер әйгілі суретші Пабло Пикассоның «Герника» картинасын шоколадпен салып шықты.

Іске 40 аспаз қатысқан. Бұл – Испанияның Герника қаласын соғыс кезінде неміс және италиялық ұшақтардың бомбалағанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара.

Айта кетейік, Пабло Пикассо картинаны 1937 жылы Париждегі Дүниежүзілік көрме үшін арнайы салған.

Исмаэль Сайалеро, бас аспазшы:

– Шоколадты жасау аса қиын болған жоқ. Керісінше бәрі қызық өтті. Ол 14 бөліктен тұрады. Себебі тәттіні дайындайтын үлкен асхана болмай, бөліп жасап, кейін біріктіруге тура келді.

Хабар 24 телеарнасы