Индонезияда жоғалған сүңгуір қайықтың қалдықтары табылды

Құтқарушылар оны Бали аралы маңындағы теңізден 850 метрдей тереңдіктен кездестірген.

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Индонезияның Бали аралы маңында әскери жаттығу жүргізіп жатқан сүңгуір қайық жоғалып кеткен еді. Суасты көлігінде 53 экипаж мүшесі болған. Алайда билік ондағы экипаж мүшелерінің тірі екендігіне күмәнді. Себебі ондағы оттегі кеше түнде аяқталған болуы тиіс.