Иракта ауруханадағы өрттен 27 адам қаза тапты

Ирак астанасындағы аурухананың бірінде өрт шығып 27 адам қаза тапты. Тағы 46 кісі жарақат алды.

Өрт ауруханадағы коронавирус бөлімінде оттегі баллонының жарылысынан кейін шыққан. Қызыл жалын тез жайылып, көп адам иіс тиіп өлген. Жалпы қайғылы оқиға кезінде ауруханада 120 науқас емделіп жатқан. Өрт сөндірушілер олардың 90-нын эвакуциялап үлгірген.

Оқиғаға байланысты тергеу басталды.