Газа секторында жаппай шерулер өтті

Таяу Шығыстағы Газа секторының барлық қалаларында палестиналықтардың жаппай шеруі өтті. Шара Иерусалимде Израиль полициясымен қақтығысып жатқан палестиналықтарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Ал Иерусалим қаласы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында толқулар бірнеше күннен бері жалғасып келеді. Оған өткен жұма күні Иерусалимдегі Ескі қалада палестиналықтар мен әсіре-оңшыл еврей жастарының қақтығысы себеп болды. Израиль полициясы қантөгіске жол бермеу үшін күш қолданған. Содан бері шаһарда тәртіпсіздіктер басылмай тұр. Жүзден астам адам жарақат алып, ондаған кісі ауруханаға түсті.

Мохаммед Хамдалла, жергілікті тұрғын:

- Қақтығыстар күн сайын жалғасып, соғысқа ұласып барады. Мен осы жерде тұрамын. Полиция бөгеттері мен тәртіпсіздіктерден үйіме әрең жетемін. Ал қала шетіне шығу өте қауіпті.