427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда жанартау атқылады

  • 142
  • UPD: 13:42, 25.04.2021
Жапонияда жанартау атқылады

Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан Сакурадзима жанартауы атқылады.

Осыған байланысты Жапония метеорология басқармасы жанартау маңында жүруге тыйым салынған аймақты кеңейтті.

Сакурадзима аспанға биіктігі 2,3 шақырымға дейін жететін түтін мен күл шашты. Пирокластик ағын кратерден шамамен 1,8 шақырым жерде орналасқан ауданға дейін жеткен.

Қауіптіліктің деңгейі өзгеріссіз, яғни бес балдық шкала бойынша үш балл болып қалған.

NHK

Хабар 24 телеарнасы