Бағдад ауруханасында болған өрт: қаза тапқандар саны 82-ге жетті

Бағдадтағы ауруханада болған өрттен қаза тапқандар саны 82-ге жетті.

Тағы 110 адам зардап шеккен. Бұл туралы жексенбі күні Baghdad Al Youm хабарлады.

«Ибн аль-Хатыб ауруханасындағы өрт 82 адамның өмірін жалмады, 110 адам жарақат алған», – делінген портал таратқан мәліметте.

Бұған дейін 27 адамның көз жұмғаны жайлы хабарлағанбыз.