Франциядағы полиция қызметкерінің өлімі: бес күдікті ұсталды

Францияның Рамбуйе коммунасында (Париж аймағы) полиция қызметкерін өлтіру ісі бойынша бес адам ұсталды, олардың арасында қаскүнемнің туыстары бар, деп хабарлады терроризмге қарсы прокуратураның басшысы Жан-Франсуа Рикар.

Бұған дейін бұл істі тергеу аясында ұсталған төрт адам туралы хабарланған болатын.

«Бүгін таңертең бесінші адам ұсталды. Бұл – шабуылдаушының тағы бір немере ағасы», – деді Рикар жексенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

Францияның Рамбуйе қаласында белігісз ер адам полицей әйелге шабуыл жасап, тәртіп сақшысы алған жарақатынан қаза тапты. Оқиға полиция комиссариатында болды. 36 жастағы ер адам ғимаратқа кіреберісте әйелдің тамағына бірнеше рет пышақ сұққан. Атыс басталып, қасқөй алған жарақатынан көз жұмды.