Lanvin және Yves Saint Laurent сән үйлерінің дизайнері бақилық болды

Lanvin және Yves Saint Laurent сияқты сән үйлеріндегі жұмысымен танымал болған дизайнер Альбер Эльбаз Париждегі ауруханада 59 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Women's Wear Daily (WWD).

Қаралы хабарды дизайнердің жаңадан құрылған az Factory брендіндегі серіктесі растады. Эльбаздің өліміне не себеп болғаны белгісіз, деп жазады WWD.

«Альбердің бейнесі сән индустриясындағы ең жарқын және сүйікті тұлғалардың бірі ретінде жадымызда қалды. Ол ерекше талант пен жылудың иесі болатын», – деді дизайнердің әріптесі.

Сондай-ақ...