Индонезиядағы сүңгуір қайықтың экипаж мүшелері түгелдей қаза тапқан

Индонезияда біраз күн бұрын жоғалып кеткен сүңгуір қайық бортындағы 53 экипаж мүшесі түгелдей опат болған.

Бүгін ел президенті Джоко Видодо осылай деп мәлімдеп, марқұмдардың туғандарына қайғырып көңіл айтты. Себебі құтқарушылар сүңгуір қайық жоғалған Бали аралы маңындағы су түбінен құтқару күртешелерін тапқан. Әскерилер кеме үш бөлікке бөлініп қалған деп болжам жасап отыр. Қайықтың өзі табылған жоқ, дегенмен құтқарушылар су көлігіне тиесілі бөлшектерді 850 метр тереңдіктен анықтаған.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Индонезияның Бали аралы маңындағы әскери жаттығу кезінде сүңгуір қайық жоғалып кеткен еді. Суасты көлігінде 53 экипаж мүшесі болған.

Алдын ала болжам бойынша, қайықта оттегі таусылған болуы мүмкін.