Лондон тұрғындары карантиндік шектеулерді алып тастауды талап етуде

Лондонда бірнеше мың адам қала ортасындағы алаңға жиналып, наразылық шеруін өткізді.

Тұрғындар карантин шектеулерін алып тастауды талап етіп жатыр.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, дертке қарсы тыйымдар мәнсіз, әрі адам құқықтарын бұзады. Сондықтан бетперде киюді міндеттемеу және вакцинаға қатысты электрондық құжат енгізбеуге шақырады. Наразылық акциясы кезінде бірнеше полицей жарақат алып, 5 шеруші қамалды.