Испанияда 22 адамға коронавирус жұқтырған ер адам ұсталды

Испанияның Майорка қаласында 22 адамға коронавирус жұқтырған ер адам ұсталды, деп жазады Газета.ру.

40 жастағы ер адам жөтеліп, ыстығы көтеріліп тұрса да, жұмысқа шыққан. Ал әріптестерінің оны үйіне қайтару туралы әрекеті зая кетіп, ол, керісінше, бетіндегі маскасын шешіп, әдейі жөтеліп, вирустың ауада таралуына ықпал еткен.

Полицияның мәліметінше, ер адам тест тапсырғанымен, оның жауабын күтпестен қайтадан жұмысына, сонан соң бассейнге барған.

Нәтижесінде оның бес әріптесі және онымен бірге бассейнге барған үш адам ауырып қалған. Сондай-ақ оның отбасындағы 14 адам да ковидпен ауырған, олардың арасында үш бала бар.

Әзірге ер адамға қатысты қандай жаза қолданылатыны белгісіз.

Сондай-ақ...