Бағдат ауруханасындағы өрттен қаза тапқандар саны 88 адамға жетті

Тағы 110 кісі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Марқұмдар мен жараланғандардың көбі – науқастар. Коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханадағы өрт 24 сәуірде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, оттегі құтысы отқа оранған. Сарапшылардың айтуынша, ұзақ уақыт бойы соғыстан және санкциялардан зардап шеккен елдің денсаулық сақтау саласы мүлде сын көтермейді. Әсіресе, былтырдан бері індет басталғалы медицина жүйесі қауқарсыз екенін көрсеткен. Аурухана маңайына жиналған тұрғындар жақындарын әлі таппай жатыр. Мамандар қақтығыстан басқа жемқорлық, бюджет тапшылығы мен нашар инфрақұрылым да еңсе көтертпей отырғанын айтады.

Мұстафа Әл-Казыми, Ирак премьер-министрі:

– Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Барлық министрге қара жамылған отбасыларға көмек беруді тапсырдым. Жарақат алғандарға жәдел жәрдем көрсетілсін. Арнайы комиссия құрылды. Денсаулық сақтау министрі мен Бағдат губернаторын орнынан аламын. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілсін. Комиссия тергеу амалдарын 5 күннің ішінде аяқтап, қорытындысын ұсынуы тиіс.

Сондай-ақ...