429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гран-Канария аралында апатқа ұшыраған 49 мигрант өлім аузынан аман қалды

  • 78
  • UPD: 08:16, 26.04.2021
Гран-Канария аралында апатқа ұшыраған 49 мигрант өлім аузынан аман қалды

Заңсыз кірмелерді Испанияның жағалау күзеті құтқарып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір адам дәрігердің көмегіне жүгінді. Соңғы кездері теңіз арқылы Еуропаға табан тіремек болғандардың қатары жиілеп кетті. Таяуда бортында 50 жолаушысы бар тағы бір кеме құтқарылды. Мамандар соңғы бір жылдың ішінде Атлант мұхиты арқылы шекара аспақ болған жүздеген адам су астына кеткенін хабарлайды. Олардың дені – Таяу Шығыс пен Африка елдерінің тұрғындары.

Хабар 24 телеарнасы