Нью-Делиде локдаун ұзартылды

Үндістанда коронавирусты жұқтыру дерегі бойынша төртінші күн қатарынан тәуліктік рекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 24 сағат ішінде коронавирус 349 мың адам жұқтырған. Әсіресе, ел астанасы Нью-Делиде індеттің өршуіне байланысты шектеу мерзімі ұзартылды. Тәртіпке сай барлық жекеменшік компания қызмектерлері қашықтан жұмыс істеуді жалғастырады. Шаһарда азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындарына жұмыс істеуге тыйым салынған.

Айта кетейік, Үндістанда соңғы айда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған. Науқастардың артқаны соншалық, ауруханаларда жасанды тыныс алуға қажетті оттегі жетіспей, барлық аймақта оны шығару қуаты күшейтілген.

Сондай-ақ...